Мен мектепті 2011-де аяқтадым. Одан кейін 15 жыл өтіп кетіпті. Одан бері көп нәрсе өзгерді, көп нәрсе пайда болды. Және бір маңызды нәрсені жоғалтып алған сияқтымыз.

Осыдан 15 жыл бұрын өмір қандай болды?

Жақсы жақтарын айтуды бастайын. Ол кезде "информационный шум" болмады. Интернет енді-енді дамып келе жатқан еді. Мен өмір сүрген елді мекенде интернет өте әлсіз болды. Бәріміз негізі теледидар көретінбіз. Оның несі жақсы дейтін боларсыздар? Мен түсіндіруге тырысамын. Өздеріңіз білетіндей интернеттің теледидарды жеңіп кеткен бір жері бар. Интернет адамдардан шыдамдылық талап етпейді. Не көргің келеді, "без ограничений" көре бересің. Сөйтіп сөйтіп біз қайда келдік? Бес минутқа жетпейтін "shorts" видеоларға келдік түбінде. Мен бұл нәрсені жақсы деп санамаймын, себебі қысқа видеолар адамның шыдамдылығын, бір нәрсеге күш салып фокусированно жұмыс істей алу қабілетін бұзатын нәрсе. Соңғы 1-2 жылда ИИ келіп шыдамдылық, концентрация дегенді вообще ұмытамыз. 10-15 жылға артқа оралайық. Қолында смартфон емес, жай телефон. 3G-4G деген әлі дамымаған. Инстаграм, тик ток, ютуб деген жоқ. Өзіңнің 4-5 сағат алтын уақытыңды телефонға қарап құрта алмайсың. Теледидарды қоссаң сериал, кино немесе бағдарлама болып жатады. Ол кемінде жарты сағат болады. Оны айналдыра алмайсың немесе тоқтатып қоя алмайсың. Егер күтіп жүргенің болса онда алдын ала дайындалып, күтіп отырасың оны. Сосын бүкіл назарыңды аударып көресің. Контент саны ол кезде 10 есе аз болды десем қателеспейтін шығармын. Сондықтан әр контент бағалы болатын. Теледидарда тек жақсы, пайдалы нәрсе көрсетеді деп айтпаймын әрине. Бірақ сонда да ол жақта болып жатқан әр контент цензурадан өтеді.

Қазір адамдар және менің өзім шыдамсыз болып кеткем. Кинотеатрда кино көріп смартфонға қарап отырады ғой, әсіресе жастар.

Ол заманның өз минустары болды. 90-шы жылдардан қалып қойған бандитизм, хулиганство әрине. Ол кезде ұл балалардың уақыты көп болды, интернет смартфон жоқ болғаннан болар. Іші пысып, көбісі бандитизм, көше понятиесі дегенмен жүрді. Қазіргі кезде оның саны қатты азайды деп ойлаймын.

Жалпы 2000-2010 жылдар жақсы болды. Сол кезде жүргізілген жұмыстар қазіргі Қазақстанның экономикасын жақсарғанына басты себеп деп ойлаймын. Енді келесі 2030-2040 жылдардағы жағдайымыз қазіргі қалай жұмыс істегенімізге байланысты болады.