Мен көп уақыт бойы смартфон, ноутбук, планшет және т.б. заттарды бір сөзбен қалай атау керек екенін іздедім. Менің ойымша компьютер деген вариант ең жақсысы, түсініктісі. Осы мақалада осылай атай берейін.

Өзімнің жеке опытым

Өзімнің ең бірінші Apple компьютерімді 2022-де алдым, ол Iphone 12 смартфоны. Уақыт өте келе жаймендеп олардың басқа өнімдерін ала бастадым. Ол ақылды сағат, наушник және Mac mini компьютері (Макбук). Қазіргі таңда менде Apple эко-системасы бар десек те болады.

4 жыл ішінде мен Apple компьютерлерінің жұмыс істеу философиясын түсінген сияқтымын. Көп адамдарда мен жиі еститін бір сұрақ бар. Неге Apple өнімдері сонша қымбат? Қазіргі таңда ең арзан айфон 350 000 теңгеден басталады, ол iPhone 13 128Gb. Дәл сондай характеристикада Android смартфондарын 100 000 теңгеден арзанға табуға болады, 3 еседен көп айырмашылық. Бірақ 100 000 теңгеге алған Andoid смартфонының сапалы болу кепілдігі, лоторея секілді. Нағыз сапа уақыт өте келе білінеді. Сіз алған арзан, әдемі және жылдам жұмыс істейтін смартфон біраз уақыт өткеннен кейін өзінің нағыз келбетін көрсетеді.

Мен 4 жыл бұрын неге Iphone таңдадым? Оның бәрі шаршағаннан болды. Мен қатып қала беретін, камерасы сапалы түсірмейтін смартфондардан қатты шаршаған едім. Одан бөлек ол смартфонды күніне екі үш рет зарядтаушы едім. Менде бюджет 300 000-400 000 теңге болған. Негізі 2022-нің өзінде осы ақшаға өте жақсы, айфоннан кем емес Android смартфонын алсам болатын еді. Біріншіден мен лоторея ойнағым келмеді, маған сапа кепілі керек болды, тәуекел еткім келмеді. Екіншіден ол болашақта болатын эко-система.

Мысалы,сіз шамамен 400 000 теңгеге айфон алдыңыз. Сол 400 000 теңгенің ішіне не кіреді? Негізі тек айфон ғана емес. Ал ол айфонның басқа Apple компьютерлерімен бірігіп жұмыс істеу сапасы. Міне осыны біз эко-система деп атаймыз. Міне осы үшін де Apple компьютерлері бізге қымбат боп көрінуі мүмкін. Компания осы уақытқа дейін қаншама миллиард ақшаларын өзінің эко-системасын жасауға жұмсаған. Ол icloud бұлттық технологиясы (облако), өзінің жеке iOS, macOS, watchOS операциялық жүйелері, AirDrop файл жіберу технологиясы, Handoff және т.б. Осының бәрін бір команда қылып жұмыс істету 10 жылдан көп уақыт және бірнеше миллиард доллар ақша кеткен.

Apple эко-системасы

Apple эко-системасы туралы интернетте мыңдаған мағлұмат бар. Маған өзіме ұнаған мысалдар:

Негізі басқа эко-системаның қолдану сценарийлері өте көп, мен өзім көбісін білмейм. Мен үшін ең пайдалыларын жоғарыда айтып шықтым.

Apple компьютерлерін көбісі дизайн үшін қатты бағалайды. Мен оны өте жақсы түсінемін. iOS, macOS операциялық жүйелеріне қарап отырып нағыз минимализм қандай болу керек екенін түсінесің. Иконкалардың дизайны, қосымшалардағы анимацияның сапасы, батырмалардың орналасқан жеріне дейін дизайнерлер мен инженерлер көп жұмыс атқарғанын көруге болады.

Мен айфоннан басқа смартфондарды, macOS-тен басқа операциялық жүйелерді (мысалы Windows немесе Android) жаман деп айтқым келмейді. Бірақ дәл Apple сияқты жүрекпен, махаббатпен, кінәмшілдікпен жұмыс жасайтын компания көрмедім. Мүмкін бар шығар, мен өзімнің жеке тәжірибеммен бөлістім.

Қандай айфон алу керек? Басты гайд

Егер жақсы смартфон іздеп жатсаңыз, бірақ Apple эко-системасы қызық болмаса, айфон шынымен де ақша жағынан үнемсіз және тиімсіз. Одан да дәл сол ақшаға өте жақсы Android смартфонын алуға болады. Жоқ мен айфон алам десеңіз, тағы бір нәрсеге назар аудару керек. Маған Apple компаниясының айфондарға есім беру тәсілі қатты ұнайды. Мысалы iPhone 16, iPhone 16 Plus және iPhone 16 Pro, iPhone 16 Pro Max, iPhone 16e:

Қорытынды 1

Бұл мақалада белгілі бір компанияның, оның өнімдері өз өзін қалай жариялайды, философиясы қандай, соны анықтау өте құнды екенін баяндағым келген. Apple компаниясы өз өзін сапа жағынан кепіл бере алатын, дизайн, минимализм, әдемілік көрсете алатын, мына цифрлық әлемде адамға керек система жасай алатын компания ретінде таныта алды деп сенімді айта аламыз. Apple Стив Джобстың бастауымен адамдардың аузына қарап отырмай, оларға шынымен де не керек екенін дәлелдеп көрсете алған ең бірінші компания шығар, қателеспесем.

Шынымды айтсам, маған қазіргі нарықта болып жатқан нәрселер қатты ұнамайды. Бәрі аз уақыттың ішінде, маркетинг арқылы адамдардың көзін алдап сапасыз өнімдер сатып дүние тапқысы келеді. Біз белгілі бір заттың арзан бағасына қарап, бірден алданып сатып аламыз да, біраз уақыт өткеннен кейін өкінеміз. Өмірімізде затты сатып алып аз уақыт қолданып, оның орнына басқасын ала беру қалыпты дүниеге айналып кеткен. Өнім шығарушылар адамдардың заттарды өте аз уақыт пайдаланып жаңасын сатып алуын дәметіп алған. Осы тұрғыда қолымызда ең ұзақ тұратын заттардың бірі айфондар ғана. Менің өзім, таныстарым бір айфонды 3-5 жыл ұстап жүре береді. Сосын ол айфондар қатты ескірген кезде салыстырмалы түрде жақсы ақшаға сатып, үстінен ақша қосып жаңасын алуға болады.

Қорытынды 2

Мен Apple компаниясына сенем, себебі біздің мына алдамшы заманда олар өзінің сенімді екенін дәлелдеп бере алды. Өз өмірімде мен де сол бағытта жүргім келеді. Басқа адамдардың саған деген сенімі, сенің қандай да бір жұмыста тиянақтылығың, жауапкершілігің және мұқияттылығың, менің ойымша, ұзақ уақыт қалтаңды калыңдататын нәрсе болу керек. Өкінішке орай қазіргі кезде маркетинг, жарқ етіп көздің жауын алатын қысқа эффекттер, шындыққа жанаспайтын уәделер жеңіп кетіп жатыр. Нарықта дайын емес, тексеруден өтпеген өнімдерді сатылымға шығара салатындар өте көп.