30 жылдан көбірек өмір сүріп Уақыт туралы бір нәрсе түсіндім. Ол үшін Уақыт сезу темасын енгізу керек. Мысалы екі адам бір тірлікпен 2 сағат айналысса, олар 2 сағатты әр түрлі сезуі мүмкін. Бір адам үшін 2 сағат тез өтіп кетсе, екіншісіне керісінше, баяу өтуі мүмкін. Неге 10 жыл мектептегі уақытымыз ұзақ болғандай сезіледі?
Айналада болып жатқан құбылыстар бір бөлек, біздің миымыздың соны қабылдауы бір бөлек. Біз көзімізбен көріп, құлағымызбен естіген информация миға барып ерекше өңделеді. Маған сенбеуіңіз мүмкін, бірақ біздің миымыз әр сәтте бізге видео даярлап береді. Біздің көзіміз камера, құлағымыз микрофон, ал миымыз компьютер.
Видеоның жылдамдығы біздің Уақыт сезу қабілетімізге тура келеді. Мысалы видеода сіз көріп қойған нәрселер көп болса, сіздің миыңыз ол видеоның жылдамдығын көбейтеді. Ол күн сайын, үйреншікті, қайталана беретін құбылыс. Таңертең тұрып жуыну, тіс тазалау сияқты нәрселерді біздің миымыз тез тез өткізіп жібереді, видеода «перемотка» жасаған сияқты.
Байқағансыз ба, басқа елге немесе басқа жерге барған жерде Уақыт жай өтеді? Себебі біздің миымызға жаңа информация көп келеді, сондықтан біздің миымыз «Видео»-ны баяу жүргізеді. Міне сол үшін мен қазір адамдардың неге кино көретінін, кітап оқитынын түсіндім. Себебі өмір тез өтіп кетпесін деп адамдар бос уақытында жаңа информация алуға тырысады, жұмыстан демалысқа шыққанда басқа елге барады.
Жоғарыда неге 10 жыл мектептегі уақытымыз ұзақ болғандай сезіледі деген сұрақ болып еді. Себебі мектептегі әр күнімізде болып жатқан оқиғалар біз үшін жаңа, көбісі бірінші рет болып еді. Жалпы өміріміздің алғашқы 25 жылы баяу өтеді. Әрі қарай көп біліп, көп көргеннен кейін іс қимылымыздың көбісін автоматты түрде орындай береміз.
Егер әр іс қимылымызды автоматты түрде орындасақ, өмірімізде жаңа нәрселер болмаса, өміріміз шынымен де тез өтіп кетеді. Сондықтан да осы тұста миымызды еркелетіп қоймайық. Қолдан келгенше жаңа информация көбірек беріп, өмірімізді ұзартайық.
Пікірлер 0