Басы

Мен ауылда қарапайым қазақ тілді отбасында өскен қазақпын. Қазақ тілді мектепте оқыдым. Миллениалдар мені түсінеді, 2000 жылдары контенттің көбісі тек орыс тілінде көрсетілетін. Ол кездері кино, сериалдардың бәрі орыс тілінде болатын. Қателеспесем 2007-2008-ден кейн ғана теледидарда контенттерді жәймендеп қазақ тіліне аудара бастады. Мен үшін жалпы шетел кинолары Батыс әлеміне құлыптың оймасына (замочная скважина) айналды. Ал сол шетел киноларын амал жоқ орыс тілінде көріп жүрдік.

Сосын студенттік өмір кезімде ағылшын тілін жақсы меңгере бастадым. Ол бөлек әңгіме негізі, жалпы хронология үшін жазып қойдым.

Қазақ тілі деген не?

Тіл деген не? Ол бір адамның басқа адамға, немесе адамдарға өз ойыңды жеткізу құралы. Инструмент десек те болады. Одан басқа осы инструмент арқылы басқа адамның немесе контенттің қандай ой беріп жатқанын түсіне аласың. Информация алу-беру орындалу шарттары бар. Ол не? Мен ойымды қазақша жеткізіп жатсам, мені тыңдап отырған адам да қазақ тілін білу керек.

Енді қазақ тіліне оралайық. Қазақ тілінің құндылығы қалай анықталады? Ең біріншісі қазақ тілі ана тілі болып саналатын адамдар үшін өз ойын таза және айқын етіп жеткізу, және де ол адамдар үшін ол процесс өте тез болады. Мен сондай адамдар қатарынанмын. Мен үшін өз ойымды қолайлы жеткізу қазақ тілінде ғана. Мен «даже» өзім секілді қазақпен сөйлесіп жатып орысша сөздерді көп қосамын, және мен сияқты адамдар өте көп. Бір нәрсені мойындайық, 100% таза қазақша (басқа тілден келген сөздерді қоспай) шетелдегі қандастарымыз ғана сөйлейді. Оны түсінуге болады, себебі олардың тарихы өзгеше. Олар, мысалы, қызанақты қызанақ дейді. Ал мен үшін ол әлі күнге дейн «помидор». Мен мысалы базарға барып «маған 2 кг помидор берініңізші» деу өте тез болады, ол менің миымда артық қиыншылық тудырмайды. Мені тыңдап тұрған сатушыда да артық сұрақ немесе наразылық туындамайды.

Тілдің басты құндылығы

Мен басқа адаммен сөйлескенде менің ең басты мақсатым өз ойымды анық жеткізу. Ол процесс автоматты түрде орындалады. Ия, мен бір сөз болса да орыс тілдің сөзін қоспай сөйлей аламын. Бір сұрақ туындайды. Неге, не үшін деген. Мен қазақша сөйлеп жатып арасына 10 орысша сөз қоссам да мені ол нәрсе шала қазақ қылмайды. Есесіне мен қиналмай, контекст бойынша басқа тілді сөздерді қосқаным менің сөйлегенімді «шынайы» қылады. Себебі шынайы өмірде бәріміз орысша, кейде ағылшынша сөздерді қосып сөйлей береміз. Менде интернетте таза қазақша сөйле деп неге айта береді, өз түсінігім бар.

Бізде қазақтарда интернет әлемі, социалды тор бір киелі мекен сияқты. Шын өмірде шала қазақша сөйлей береміз, бірақ интернетке келгенде миымызда бір триггер қосылып кететін сияқты. Бізде сол триггер «контентті түсіну жүйемізді» бұғаттап қояды да, контент авторының нағыз ойын қабылдағымыз келмей кетеді. Контент авторы шала қазақша, немесе таза орысша сөйлеп жатса біз өзімізге шабуыл жасап жатқан сияқты қабылдаймыз. Менде екінші түсінігім бар, жәй түрде жеткізіп көрейн.

Абстракцияның керектілігі

Көп адамдар бір түсінікті екінші түсініктен бөліп қарай алмайды. Қазақ деген ұлт, ал қазақ тілі деген ол басқа тілдер сияқты құрал. Бір шетінен қазақ тілі қазақ үшін ана тілі болып саналады, бірақ оның өзінің басты шарты бар. Егер қазақ кішкентай кезінен орысша сөйлеп өссе, мектепте, жоғарғы оқу орнында орысша үйренсе қазақ тілі ана тілі болып саналмайды. Ренжімеңіздер, бірақ мен сөздің мағынасына қараймын. Ана тілі деген ол туылған кезден бастап анаң, әкең сөйлегенін естіп, сол тіл сенің ана тілің болып кетеді. Мен өз миымда қазақ, қазақ тілі және ана тілі деген ұғымдарды жеке ұстап үйрендім. Ол понятиелерді мен оп-оңай абстрагировать ете аламын.

Мен қазақша сөйлеген кезде тыңдаушыда ешқандай диссонанс болмайды. Себебі қазақ ана тілінде сөйлеген кезде акценттен ақ білінеді, даже егер ол 100 орыс сөзін қосса да. Егер де мен қазақ тілін білмейтін қазақты көрсем менде оған хейт жоқ. Екеуміз де бірдейміз адами тұрғыдан. Себебі мен қазақ тілін білетін нағыз қазақ болу үшін еш нәрсе істеген жоқпын, оған тек 2 фактор әсер етті.

  1. Мен туылған кезде мен қазақ боп туылдым. Себебі әкем де шешем де таза қазақтар;
  2. Әке шешем мен көзімді алғаш ашқаннан бастап ақ қазақша сөйлеуді үйретті.

Мен не үшін қазақша білмейтін қазақты жек көру керекпін? Оның қандай кінәсі бар? Негізі адам қандай ұлт болатынын және ана тілі қандай болатынын өзі таңдамайды. Егер ол адам «өзімнің нағыз ана тілімді қайтарам, сол үшін қазақша үйренем» десе, мен ол адамға құрметпен қараймын. Короче респект. Бәрібір де мен қазақ тілі үшін қатты уайымдамаймын. Сол туралы төменде көбірек айтқым келіп тұр.

Мысалы мен туылғанда маған әке шешем қазақша сөйлеуді үйретті. Мен қанша жерден орысша немесе ағылшынша жақсы білсем де, ауыз екі сөйлеуге келгенде бірінші орында Қазақ тілі тұрады. Мен үшін қазақ тілі ана тілі болғаннан кейн, мен үшін ең қолайлы тіл ол қазақ тілі ғана. Ертең бұйыртса мен балаларыма қазақша үйретемін әрине. Ия, ара-арасында орыс тілді сөздер көп болса да, менің балам өз ана тілінде «без акцента» сөйлейтін болады. Біз білетін Қазақ тілі ешқашан өлмейді. Тағы тілді өлтірмейтін бір нәрсе бар. Келесі абзац сол туралы болады.

Қазақ тілінің өзгеруі

20-ншы ғасырдағы біздің ата-бабаларымыздың қазақ тілі қазіргі қазақ тілінен мүлдем өзгеше. Маған сенбесеңіз ескі біздің жазушылардың кітабын оқып көріңіз. Автордың көп қазақша сөзін түсінбеуіңіз мүмкін. 100 жыл ішінде көп нәрсе өзгерді. Технологиялар дамыды, экономикалық система өзгерді және глобализация келді интернетпен бірге. 19-ншы немесе 20-ншы ғасырдағы тап таза қазақ тілін сақтап қаламыз деген ой өте қате. Менің ойымша белгілі бір тіл ұзақ жасағысы келсе ол өзгеруге дайын болу керек, басқа тілдің сөздерін қабылдауға дайын болу керек. Редфлаг, гринфлаг, харассмент деген сияқты сөздер қатты кіріп кетті қазақ тілінің ішіне. Мысалы «харассмент» деген сөздің қазақша аудармасы бар, ол жәбір көрсету немесе зорлау деген сияқты. Жоғарыда айтып өткендей заман өзгеріп жәбір көрсетудің 10-даған түрі бар. Дәл харассмент сөзі соның бір түрі ғана.

Қазақ қазақша сөйлеп жатып, контекст бойынша басқа тілдің сөздерін қосқаны оның әңгімесін шынайы қылып қана жеткізбейді. Одан бөлек әңгіме тірі, қызық және толық ауқымды болып жеткізіледі. Тамақ сияқты ғой. Сіз просто етті суға қайнатып жесеңіз болады немесе оған әр түрлі соустарын және гарнирін қосып эксперимент жасап, дәмге бай қыла аласыз.

Менің ойымша Қазақ тілін құрметтеу және жақсы көру деген оны бір «коды бар сандыққа» салып, аялап, бір «сынып қалатын ваза» сияқты қарау емес. Жоқ. Ұялмай, қысылмай, басқа тілдің сөздерін смело қоса беріп, тілді байыту, модный қылу. Сонда қазақ тілі трендте болады. Ал ол үшін адам бір бөлмеге қамалмай басқа дүниелерді қабылдаудан қорықпау керек. Біз бәріміз бір планетада өмір сүріп жатырмыз, глобализация арқылы жер шарының ең алыс тұрған адамымен сөйлесе аламыз. Біз Қазақтар есігі жабық бөлмеде емеспіз.

Қорытынды

Мен өзім бірінші рет басқа елге барғанда бір құнды нәрсе түсіндім. Басқа ұлттың, басқа елдің адамы басқа тілде сөйлесе де, ол все равно адам. 2 қол 2 аяғы бар біз сияқты адамдар. Біз сияқты ауамен демалады, су ішеді, тамақ жейді. Жанұясының, бала-шағасының нәпақатын ойлап жұмыс істейді, тоже біз сияқты бейбітшілікте өмірдің ізгіліктерін көргісі келеді. Осы айтылған тұста біз Қазақтар особый емеспіз, олар да особый емес. Әр түрлі ұлттың адамдарында айырмашылық 10-15 қана болса, бірақ ортақ сипаттамалары 1000-даған. Давайте бір бірімізді қабылдап, махаббатпен қарайық. Махаббат өмірдің жалғасына, бақытқа және дамуға алып келеді. Ал жек көру ешқашан жақсылыққа алып келмеген. Маған сенбесеңіз тарихқа қараңыз. Біз көзімізге елестете алмайтын жаман нәрселер, соғыстар, геноцидтер «жек көру»-ден басталған.

Қазақ тілінің мәңгі жасауына үлесімді қосу үшін осы сайттағы мақалалардың бәрін осындай форматта жазып жүрмін.