Сапалы видеоойындарға жетудің ең тиімді жолы

Мен видеоойындар жаксы коремін. Жасым 30-дан асса да, ауыр жұмыс күні біткеннен кейін кешке келіп ойын ойнап қоқысқа толган басымды тазартамын. Көп уақыт ойындарды ноутбукта ойнап жүрдім. Бірақ бала кезімнен білетінмін: сапалы, қызық, кинолардан айырмашылығы жоқ сияқты ойындар негізінен PlayStation-де ойнауға болады.

Ең бірінші PlayStation 1994-те шықты. Содан бері Sony Interactive Entertainment компаниясы оны 4 рет жаңартты. Ең соңғысы PlayStation 5 осыдан 6 жыл бұрын шықты.

Неге менің ойымша PS4 әлі де жақсырақ? Бағасы. PS4 шамамен 2 есе арзанырақ PS5-ке қарағанда. Жаңасын сатып алсаңыз шамамен 150 000 теңге болады, оған қоса көп магазиндер 4-5 ойын сыйлық ретінде тегін береді. Б/у алсаңыз одан да арзанырақ. Мен 70000 теңгеге алғанмын. Жақсы жұмыс істеп тұр.

Қазіргі заманда ойын ойнау үшін ноутбуктар 500 000 теңгеден басталады. Ең қымбат ноутбуктың өзінде бір кемшілігі бар. Толығырақ келесі тармақта түсіндіріп беремін.

PS4 (PS5) жанұялы адамдарға оте қолайлы

Елестетіңізші:

"PS4 немесе PS5 ойнап отырсыз. Бір сәтте жұбайыңыз немесе бала-шағаңыз назарыңызды (внимание) сұрап жатыр. Джойстиктегі 1 түймені басып PS-ті уйқыға жібересіз де (режим покоя) басқа тірліктеріңізді істей бересіз. Кейінірек басқа уақытта джойстикте 1 туймені басып ойынны ішінде тоқтаған жеріңізден жалғастыра бересіз."

Дәл осы фича ешқандай ноутбукта жоқ. Бар болса да PS-тегідей қолайлы істелінбеген. Тағы бір нәрсені мойындайық. Адамдар ноутбукты жумыс істеуге алады, ойын ойнау үшін емес. Ноутбукта сіз диванда жатып, комфортта ойнай алмайсыз.

Мен де жанұялы адамын. Сондықтан да осы функция мен үшін өте құнды.

PS4-те қандай ойындар ойнауға болады?

Жалпы 3000-нен көп ойын бар. Мен өзім ойнаған шедеврлармен таныстырайын.

  1. The Last of Us Remastered
  2. The Last of Us Part II
  3. God of War (2018)
  4. God of War: Ragnarök
  5. Marvel’s Spider-Man
  6. Red Dead Redemption 2
  7. Ghost of Tsushima
  8. Gran Turismo 7

Ойлап қарасам маған PS5-ке отуге көөөп жылдар кететін сияқты, себебі ойналмаған жақсы, сапалы PS4 ойындары әлі көп.

Ойындарды тек диск түрінде сатып алуға кеңес беремін. Және де PS4 немесе PS5 сатып алуға ниеттенсеңіз, "версия Digital Edition" дегеннен аулақ болыңыз, оның ішіне диск салынбайды. Негізі Digital Edition біздің Казақстанда сатылмау керек, себебі заңды түрде біздің елде онлайн ойын сатып алу мүмкіншілігі жоқ. Болашақта әрине оны шешуі мүмкін.

Қорытынды

Егер ақшаңыз бар болса PS5 жақсырақ болады әрине. Ойындар тезірек қосылатын болады. 2023-тен кейнгі шыққан көп ойындар тек PS5-те ғана ойнай аласыз. Менің ойымша PS5 бағасы 2 есе қымбат болғанымен сіз 2 есе жақсырақ сапа ала алмайсыз. Сонымен қатар шедевр ойындар 2023-ке дейн шыққан. Сондықтан PS4-пен сіз көп ұтылмайсыз, алайда 200-250 мың теңге үнемдейсіз.

Бонус кеңес

Бала-шағаңызға смартфонда немесе планшетте қоқыс ойнатпаңыз. Ол жақта адам дамытатын еш нәрсе жоқ. Одан да PS өзіңіз ойнамасаңыз да, балаңызға ойнатыңыз. Сапалы, қызық, миды жұмыс істететін әдемі ойындар баланы жақсы жетілдіреді.

Көп видеоойындар назар аудару және есте сақтау қабілетін талап етеді. Шынымды айтайын, мен офисте жұымыста шешпеген жұмбақтарды видеоойын ішінде шешемін.