Менің байқауымша көп адамдар интернетте жарнаманы блоктауды білмейді екен. Сол үшін осы мақала пайдасын алып келеді деп ойлаймын.

2000 жылдары адамдар интернетке көп кіре бастағаннан ақ көп сайттарда жарнама бар екенін анықтады. Оның себебі түсінікті, себебі сайтты істеген адам ақша тапқысы келеді жарнама арқылы.

Біраз уақыт өткеннен кейін, 2010 жылдары жарнама өте жағымсыз болып кетті. Біз сол кезде сайт иесінің қомағайлығын көрдік. Қазір 2026 еш нәрсе өзгерген жоқ. Сондықтан мен онымен күресудің 2 жолын айтамын.

Жарнама блоктаушы "uBlock Origin Lite"

  1. Браузер арқылы мына сайтқа кіресіз: uBlock Origin Lite орнату
  2. "Установить" деген түймені басасыз
  3. "Установить расширение" деген түймені басасыз

Болды. Енді сайттарды ашқан кезде тап таза жарнамасыз сайттар ашылатын болады. Салыстыру ретінде мына сайтты қараңыз, Жарнама блоктаушы орнатылмаған:

Дәл сол сайт, бірақ Жарнама орнатушымен:

Тағы бір өте маңызды нәрсе айтып өте кету керек. Бұл Жарнама блоктаушы Youtube сайтында да жұмыс істейді, жарнамасыз тап таза видео көре аласыздар.

Браузер Brave

Мына сайттан Brave жүктеп алып орнатасыздар компьютерге. Бұл браузерде Жарнама блоктаушы "из коробки / бастапқыда" бар, сондықтан жай қолдана бересіз. Егер Chrome браузерінен бас тартуға дайын болсаңыз, ең жақсы және тиімді жолы осы.

Тағы бір өте маңызды нәрсе: Браузерді iOS және Android-қа орнатуға болады. Смартфон арқылы Brave арқылы Youtube видеоларын жарнамасыз көре аласыз.