Кітап оқу тренді неліктен ескірмейді? Неге Кітап оқу қоғам ішінде құрметті статуста?
Алыстан бастайын
Біз бала кезден бастап еліктеп өсеміз. Оны басқаша сөзбен имитация десек қате болмайды. Ұл бала әкесіне қарайды, қыз бала анасына ұқсағысы келеді. Ойнаған ойыншықтары соған себепкер. Ол жақсы да жаман да емес, ол біздің табиғатымыз. Мәселе мынада, бұл еліктеу әдеті өскен кезде кетпейді ғой.
Енді жоғарыда айтылғандарды ересек адамға төсейік. Ересек адамның өзінің авторитеттері бар, олар жағдайы жақсы, ауқатты, атақты адамдар. Кім сөзі өтетін бай, атақты, қуатты болғысы келмейді? Ересек адамдар да кішкентай балалар ұқсап түйсіксіз өзінің авторитеттері жасаған нәрсені қайталай бастайды.
Кітап оқу сол жақтан келген. Байлар кітап оқы деп айтпаған да, бірақ біз солай қабылдап алдық. Бұлақ суы қайдан шығып тұр, анықтап алдық. Бірақ сонда да бір нәрсе жетіспей тұрған сияқты. Ол Карго-культ құбылысы.
Карго-культ құбылысы
Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде Меланезия аралдарында американдық солдаттар болған. Солдаттар Меланезия аралдарының тайпаларына әр түрлі жаңа, заманауи заттар көрсеткен: тәтті тамақтар, шоколадтар, конфеттер, сигареттер және т.б. Еске салайын, ол тайпалар дамымаған, қысқа айтқанда жабайы болған. Сол тайпа адамдары солдаттардың мәнерлеп марш жасағанын және аспаннан ұшақтардың азық түлік тастағанын көріп бақылап жүреді.
Содан соғыс бітеді. Солдаттар кетеді. Ұшақ енді келмейді. Ұшақ қайта келсін деп аралдықтар марш жасай бастайды.
Екіге екіні қосайық енді
Адамдардың бай болғысы келіп "ақылды" кітаптер оқығаны маған Карго-культ құбылысын көрсетеді. Ал ол құбылыс біздің бала кездегі еліктеу әдетіміз болып қалып қойған.
Кітап оқу сонымен қалай пайда болды? Бұрынғы заманда кино, интернет, видеоойын болмаған. Кітап оқу, театрға бару. Ол кезде тек байлар ғана кітап оқып театрға баратын. Ол кездің қарапайым адамдары театрға бармақ түгілі әріп танымаған, кітап оқу қайдан. Дәл сол себепті қоғамда өте ескі және қартайған стереотип қалып қойған: ол интеллектуал, демек оның ақшасы бар. Байлар интеллектуал болғаннан бай болмаған, кітапты тек досуг ретінде іш пыспау үшін оқыған.
Алдымен байлық келді, содан кейін кітап, театр және мәдениет. Керісінше емес. Ал біз себеп пен салдарды алмастырып, көп оқысам, интеллектуал боламын, сонда мен бай боламын деп ойлаймыз. Меланезия адамдары секілді марш жасаймыз, ал самолет сонда да жоқ.
Қорытынды
Осының бәрін жазып кітап оқу жаман дегім келмеген. Көркем әдебиет бізге қандай керемет эмоция береді, басқа өмірді сезінуге, әдемі сөздермен танысуға мүмкіншілік береді. Бұл өте құнды нәрселер. Дәл осының бәрін кинодан да, тіпті жақсы видеоойыннан да алуға болады. Осы тұрғыда кітап контент алудың бір формасы болып саналады.
Өзін өзі дамыту кітаптері бөлек әңгіме. Мұндай кітаптер халықтың бай болу қажеттілігін эксплуатация жасайды. Авторлар 1-2 ойды 300 бетке төгеді ғой ол кітаптерде. Бүгінгі ЖИ дамыған заманда сол 1-2 ойды бір минутта сұрап алуға болады. Мектеп оқулықтары Өзін өзі дамыту кітаптерінен 100 есе пайдалы деп айтсам артық болмас.
Жалпы кітап оқуды құнсыздандыру ойымда да болмаған. Жай өзімнің ойыммен бөлістім.
Пікірлер 0