Еске сақтау қабілетіміз өте қу жұмыс жасайтын сияқты. Былай қарасаң өзіңе маңызды нәрселер мида тап-таза болып сақталып тұрады. Ал қалғандары біртіндеп корзинаға кете береді.
Күнделік жазудың бірінші себебі
Күнделік жазу дегеніміз өзінің аты айтып тұрғандай өміріңде болып жатқан заттарды қағаз бетіне түсіру. Өз өміріңді "документтеу" десек артық болмайды.
Күнделік жазу өз болашағыңа инвестиция секілді. Уақыт өткеннен кейін ғана басты плюстарын көре аласың. Әсіресе 1-2 жыл өткеннен кейін өзің жазған күнделік жазбаларын көріп өзің туралы көбірек түсінесің. Ойлау қабілетің, көзқарасың, түсінігің қай бағытта өзгергенін көресің. Психо-анализ жасағың келсе күнделік арқылы өте сапалы және толық жасай аласың. Қазір ЖИ (жасанды интеллект) дамып келе жатқан заманда Күнделік жазу бірінші орында тұр. Неге? ЖИ-ға өзің жазған күнделікті беріп өзіңе жеке психолог жасауға болады. Әрине ол үшін Күнделікті электронды түрде жазу керек.
Күнделік жазудың екінші себебі
Жақсы карьера қаласаңыз, жұмыста болсын немесе жеке кәсіпте болсын өз ойыңды анық, әдемі, түсінікті етіп жеткізу ол база боп саналады. Күнделік жазуды бастаған кезде ақ өзіңнің қаншалықты сауатты екеніңді айқын көресің.
Офисте жұмыс істейдіндер мені жақсы түсінеді. Бір жақсы жазылған электронды хат көп проблеманы шешуі мүмкін.
Күнделік көп жаза берсең аз-аздап жазу өнерің жақсара береді. Мен Күнделік жазуды енді бастаған кезде жазбаларым абыл-сабыл, хаотично, түсініксіз болатын. Үтір нүктесі жоқ, тіл байлығым өте кедей болатын. Жұмыста электронды хаттарды көп орыс тілінде жазғаннан кейін орыс тілінде менде проблема болмаған. Енді қазір қазақ тілін жаттықтырып жүрмін. Тағы бір қызық айтайын. Күнделікті таза қазақша өз ана тіліңде жүргізем десең қаншалықты қазақ тілін білетініңді аңғарасың. Орыс тілді сөздерді қосқың кеп тұрады ғой. Мен осымен күресіп жүрмін.
Электронды күнделік жазу
Электронды түрде арнайы мобильді немесе компьютер қосымшасында да күнделік жазуға болады. Оның өзінің ерекше плюстары бар:
- Іздеу. Google-дағы "поиск" секілді өзіңіздің керек жазбаларыңызды тез таба аласың. Егер қағаздағы күнделік болса парақтарды ақтарып отырасың.
- Жоғарыда айтып өткенімдей сіз барлық жазбаларды ЖИ-ға қоректендіріп, сол жазбаларға байланысты сұрақтар қоюға болады.
Мен Obsidian қосымшасы арқылы 2022-ден бері 500-ден аса жазба жасадым. Арнайы ЖИ плагин орнатып алғам. Енді менің өзімнің жеке кеңесшім бар. Егер қызық болса бөлек мақалада толығырақ түсіндіріп өтем. Негізі Obsidian күшті қосымша, ешқашан өкінбеймін осы қосымшамен танысқаныма.
Қорытынды
Әрқайсысымыздың миымыз жеке әлем сияқты үлкен, түсініксіз, қорқынышты матрица секілді. Сол үшін де өзін өзі тану деген жай сөздер емес. Менің ойымша өзін өзі тану өте қиын, көп адамдар жете бермейтін жетістік. Осыған байланысты Күнделік жазу кішкене болса да өз өзіңді танытады.
Өзің туралы қаншалықты көп жазсаң, ол сенің екінші миыңа айналады.
Пікірлер 0