Телехикаяның салмақты ерекшелігі

Белгілі бір қалашық бар. Келбетінде ешқандай өзгешелік жоқ, қарапайым американың 60-70-нші жылдардағы бейнесіне ұқсайды. Егер сол жаққа барып қалсаң кейін қайтып шыға алмайсың. Саған дейін шыға алмай қалған көп адамдар біраз өмір сүріп жатқанын көресің. Олардың өзінің белгілі ережелері бар, күн батқан кезде далаға шығуға болмайды.

Сұрақтар көп. Бұл қандай жер? Неге біз шыға алмаймыз бұл жерден? Неге түнде далаға шығуға болмайды? Оның жауаптарын ешкім шайнап бермейді. Көрермен өзі түсініп алу керек.

Телехикаяны кім түсірген, қандай актерлер бар оның бәрін википедиядан оқып аласыздар. Мен мұнда өзімнің жеке субъективті ойларыммен бөлісемін.

2022-нші жылы кездейсоқ тауып алып бұл телехикаяны әлі көріп келе жатырмын. Бесінші сезон өткен жылы ғана жарыққа шықты. Авторлардың айтуы бойынша алтыншы сезонда нүкте қойылады.

Басқа қасиеттері

Сериал өте сапалы жасалған. Техника жағынан ешқандай мін жоқ, графика, әдемілік, атмосфера, бәрі жоғары деңгейде жасалынған. Актерлардың ойнағанына қарап шынымен де сенесің.

Драма жағын да өте жақсы жасаған. Бір қалада шыға алмай қалған адамдардың өзара қарым қатынасы, конфликттері шын өмірдегідей көрсетілген. Әке-шеше бала қарым қатынасын да көрсеткен. Сериалды көріп жатып көз жасың төгілетініне толықтай сенемін.

Сериал жанры хоррор болып саналады. Кішкентай балаға көру керек емес көріністер бар.

Қорытынды

Жақсы туынды дегеніміз не? Жақсы туынды сені өзімен бірге алып кетіп, сұрақтар қойғызып, эмоция беру керек.

Извне авторларына мен өзімнің рақметімді айтқым келеді. Рақметімді, сериалға деген махаббатымды осы мақала арқылы жеткізгім келді.