Бұл мақала жеке менің ойым. Жалпы еркек пен әйел табиғаты қаншалықты бір-бірінен алыс тұр, соны анықтаймыз.

Айырмашылықтар

Әрине, биологиялық: дене бітімі, гормоналды фон және ең үлкені, репродуктивті система, немесе бір сөзбен айтқанда, әйел адам жаңа адам дүниеге алып келе алады.
Осы жерде табиғи айырмашылық бітеді. Қалған айырмашылықтың бәрін адамзат өзі жасады.

Қалғанын өзіміз жасадық

Адамзаттың әуел бастан әйел адамдарға қатынасы еркектерге қарағанда басқаша болды, себебі әйел адам бала туып, оны өсіріп қарай алады. Ал еркек адам тамақ табу керек болған. Сондықтан қыз бала туылғанынан бастап-ақ ата-анасы оған болашақ ана ретінде қарап, бүкіл тәрбиені соған байланысты етіп алған. Сол үшін де қыз балаға нәзік қараған, еркелетіп өсірген. Себебі ата-анасы қызынан сәтті күйеуге тиіп, болашақ ана болудан артық еш нәрсе күтпеген.

Естеріңізге түсіріп көріңізші, сіздер де, менің оқырмандарым, сол жоғарыда айтылған нәрсені байқаған боларсыздар. Егер сіздерде әпке-қарындастарыңыз болса, ата-аналарыңызда да оларға деген қатынас (отношение) басқаша болған.

Осының бәрін мен әйел адамдардың айналасындағы эко-система деп айтар едім. Және де бұл эко-системані жасанды түрде адамзаттың өзі жасаған деп сеніммен айта аламын. Оның өзінің себептері бар. Оның ең бастысы арине «аман қалу немесе выживание». 20-ншы ғасырға дейін адамзатқа аман қалу үшін осы эко-система керек болған. Әйел адам үйде балаға қарайды, еркек адам далада тамақ іздейді.

Енді менде сіздерге сұрақ бар. Қазіргі кезде осы эко-система қаншалықты керек? Мүмкін, ата-аналар қызына да, баласына да бірдей қарайтын уақыт келген шығар?

Стокгольм синдромы

Стокгольм синдромы дегеніміз не, және неге әйел адамдардың өзінің де кінәсі бар? Бір сөйлеммен түсіндіру өте қиын. Сондықтан алыстан бастаймыз.

Еркек жұмыс істеп, көп уақыт түзде жүреді. Үйде ақшаға байланысты проблемалардың бәрі еркектің мойнында. Оның әйелі жақында ғана босанып, бір сөзбен айтқанда, декретте отыр, жаңа туған балаға қарайтын адам керек. Сондықтан бұл жерде әйелде де, еркекте де таңдау жоқ. Бір адам ақша табады, бір адам балаға қарайды.

Екі жаққа да оңай емес. Екеуі де қиыншылықтарға жолығады, себебі ақша табу да, балаға қарау да оңай емес. Екеуі де шаршайды. Дәл осы жерде еркек пен әйел бір-бірін түсінбейтін нүктеде болады. Әйелі өзінің күйеуінен назар (внимание) аз алады, ал еркек әйелін түсінбейді. Мен бұл нәрсе барлық жанұяда болады деп айтпаймын. Ерекше жанұялар да бар.

Уақыт өте келе еркек пен әйел бір-біріне жаудай болып кетеді. Әрине, екеуінің міндеті екі түрлі болса, басқа не күтуге болады?

Әйел балаға қарайды, үйге жауап береді. Енді әйел осы кезде бала үшін, үй үшін, және де өзіне заттар сатып алу үшін не істей алады? Ақша тауып жатқан күйеуі ғана. Үйде балаға қарап отырған әйел ақшаның қандай қиыншылықпен келіп жатқанын түсіне алмайды. Сондықтан тоқтамай көп сұрауы мүмкін, оны көріп еркегі ренжиді.

Біздің қазіргі 21 ғасыр капиталды заман екенін білесіздер. Проблеманың 90 пайызының шешімі ақшамен шешіледі. Сондықтан да біздің қоғам кімді көбірек бағалайды? Әрине, еркекті. Кім көп ақша табады, сол адам қоғамда көбірек бағаланады.

Осы ұзақ мәтінді жазып, Стокгольм синдромының қандай қатысы бар? Біздің қоғамда осы болып жатқан нәрсені көп әйелдер қолдайды ғой. Бәрі деп айтпаймын. Осындай жәбірленуші рөлге түсіп қалса да, осыны қолдайтын әйелдер көп.

Стокгольм синдромы деген осы: жәбірленуші өзінің өмірінде болып жатқан нәрсені қолдап, оны әрі қарай жалғастыруға көмектеседі. Өзіміздің аналарымызды еске түсірейікші. Осы мақаланы оқып жатқан еркек адамдар, аналарыңыз «үйге келін қашан алып келесің» деп айтқаны көп қой? Көп аналар үйге не үшін келін түсіргісі келеді? Оның жауабын өздеріңіз комментке қалдырып кетсеңіз болады.

Қорытынды

Мақалада Қазақстанда болып жатқан үлкееен проблеманы жаздым. Оны проблема деп қарамайтындар бар, әсіресе еркек адамдар. Мен өзім 30-ға дейін проблема деп қарамадым. Бірақ көзді кеңірек ашып, түсініп қарасаң, қандай дұрыс емес система құрып тастағанымызды көреді екенсің. «Дұрыс емес система» деп айтқаным қате болар — ескірген система деп айтайын.

Сіздерде қандай шешім бар? Коммент жазып кетіңіздер.