Мен үйленгенмін, еркек адаммын. Үйленіп болған соң алғашқы уақытта үйдегі тірліктің бәрін әйелім жасайтын. Ол тамақ жасау, үй жинау деген сияқты іш пыстырарлық қарапайым үй шаруалары. Жұмыс істеймін, ақша тауып жатырмын, мен красавчик сезіндім өзімді. Миымда әрқайсымыздың жеке рөліміз бар, еркек еркек болып нан табу керек, ал әйел үй инфраструктурасының сақтаушысы деген айқын формула қойып қойған едім.

Бір қарағанда формула кемшіліксіз мінсіз болып көрінетін шығар. Еркек еркек, әйел әйел болу керек деген сөздер тек әдемі естіледі екен ғой. "Ақиқат өмір" формулада қате бар екенін көрсетті.

Уақыт өте келе арамыздағы түсінушілікте сызат пайда бола бастағанына куәгер болдым. Ол сызат әділетсіздік. Мен қаншалықты "красавчик" екенім жеңіл өлшенеді, себебі үйге қанша ақша келіп жатқанын санауға болады. Ал әйелім істеген көп шаруа ол рутина болып кеткен, ешқашан бітпейтін жұмыс. Үйді жинайсың, кемінде бір аптадан кейін қайтадан жинау керек. Тамақ істейсің, тағы да тамақ істеу керек. Менің ойымды түсінген боларсыздар, үйдегі шаруаның қиыншылығы даладағы жұмыстан оңай емес.

Тұрмыстық шаруа бар, біз одан қашып кете алмаймыз. Үйде біреу тамақ істеу керек, үй таза болып тұру керек. Бірақ оның бәрі бір адамның мойнында болу жоғарыда айтылған әділетсіздікке алып келеді. Сондықтан да үй шаруашылығы екі адамға да қызық болу керек, оған екі адам да жауап беруі керек, есесіне еркек "бытовой инвалид" болып қалмайды.