Бұл мақалада өзімнің бала кездегі сағынышыммен бөлісемін. Миллениалдар оқып жатса мені жақсы түсінеді. Қатты ностальгияға салыну пайдалы емес, бірақ бір екі осындай мақала зиянын береді деп ойламаймын.
Депрессияға түсу қиын кездерім-ай
Мен 2008-2011 ж. қатты сағынамын. Ол кез алаңсыз болды ғой. Уақыт көооп сияқты боп көрінетін еді, болашаққа деген еш қандай қорқыныш жоқ. Ақ және қара деп бөле саласың, болып жатқан жақсы жаман ситуациялардың бәрінің себебі қарапайым және айқын боп көрінетін. Ересек адамдар неге кінәлана береді деп ойлайтын едім.
Өмірімізде болып жатқан әр сәтіміз, әр оқиғамыз терең сезімдерге алып келуші еді ғой. Әр сондай сәт алғашқы рет болғаннан кейін шығар.
Сенбі жексенбі күндері ерте тұратынмын. Ұйқыдан тұра салып теледидарды қосасың ғой. Не үшін? Хабар, Бірінші канал Евразия және Қазақстан арналарында қателеспесем сағат таңғы 9-да мультсериалдар көрсететін.
Человек паук (1994) Черепашки-ниндзя (1987) Черепашки ниндзя (2003) Жирный пёс Мендоза (1998) Джуманджи (1995) Люди в чёрном Уличные акулы Инспектор Гаджет Приключения Джеки Чана Новый Дед Мороз Dad'x Маленький зоомагазинчик (1995) Дети Флинстоунов (1986-1990) Визионеры, рыцари магического света (1987)
Қолымнан келгенше есіме түсіріп өзім көрген мультсериалдардың тізімін жоғарыда жасадым. Бұл мультиктердің көбісі "ересек" темаларды қозғайтын, визуалды стильдері де ерекше болатын. Қазір теледидарды қоссаң бәрі бір біріне ұқсап қалған, стерильді, тап таза мультиктер ғой. Қазіргі мультик авторлары кішкентай балаларды (осы сөзім үшін кешірім өтінемін, барды бар деп айтайын) ақыл-есі кем деп ойлайды-ау.
Басқа контент көретін жер болмады ғой. Сондықтан теледидардан көресің. Теледидар алдына көп адамдарды жанұясымен жинаған SuperStarKz проектісін айтып өту керек. SuperStarKz арқылы атақты, әйгілі әншілердің өзі қазіргі кезде ұмытылып бара жатыр. Мааа Қайрат Түнтеков, Айқын дегендердің жап-жас бала кезін көрген ғой біздің миллениалдар.
Біз қалай связьда болдық
Телефондар туралы сөйлесейік. Ол кездер Nokia тақта отырған кез еді ғой. Әр телефон моделі бір біріне ұқсамайтын, жүрекпен жасалған өнер туындысы сияқты еді ғой. Nokia 6300 ұзақ уақыт ұстағам. Ол бұзылғаннан кейін түр-келбеті қатты басқаша Nokia X2 ұстадым.
Ватсап, телеграм, инстаграм деген жоқ. Қай жыл екені есімде жоқ, мобильді байланыс операторлары бір кездері 1000 смс деген тарифтерді жарыққа шығарды. Бір бірмізбен смс арқылы сөйлесетінбіз. Кейінірек майл ру агент деген шықты. Менің өмірімдегі бірінші толық социалды сеть. Агент арқылы танысатынбыз, блок жасатынбыз. Аудиозапись, видеовызов деген фантастика еді ғой ол кезде.
Мені қазір оқып жатқан жастар болса менің сипаттамаларым бір көңілсіз, депрессивті, қызық емес сияқты көрініп тұрған шығар. Бірақ ол кез мен үшін точно ондай болмады. Ең басты себеп: саны жағынан адамға ең тиімді информация алып отыратынбыз. Көп емес, аз емес. Миың ашып информациялық передозға түсе алмайсың ондай кезде. Телефонымызға әр секунд сайын жарнамалық уведомлениялар келмейтін еді. Мен қазір түсініп отырмын, біздің қазіргі интернет технология шектен тыс адамдардың әлсіздігін қолданып келеді. Қазіргі жастардың көбісі депрессияға түсіп жатыр деген жаңалықтар менің ойымша жайдан жай пайда болмады.
Телефоныңа өзіңе ұнаған көп болса 20 өлеңіңді bluetooth арқылы жүктеп аласың досыңнан танысыңнан. Қарапайым өлеңнің өзі социалды іс-әрекетке алып келетін еді ғой. Қазір spotify немесе яндекс музыка өзі таңдап береді қандай өлең тыңдау керек екенін.
Қорытынды
Қазіргі заманымыз жаман деп айтқым келмеді бұл мақалада. Ностальгиялық шабытым оянып кетті. Біз неге өткенімізді сағынып сол уақытқа оралғымыз келеді? Себебі адам табиғатынан қазіргі кезін бағалай алмайды, тек уақыт өткеннен кейін сол өткен уақыттың қадірін түсінеді деп ойлаймын. Өткеніңді анда-санда сағынып ностальгия сезіміне түсу жақсы да жаман да емес. Ең бастысы өмір жалғаса береді, біз бәрібір де өткенімізге орала алмаймыз. Қолымызда бар нәрсе қазіргі дүние ғана. Соны ұмытпайық.
Пікірлер 0