«Забыли пароль?» деген түймені басасыз. Электронды хатты күтесіз. Сол арқылы парольға сброс жасайсыз. Жаңа парольді енді точно ұмытпаймын деп өзіңізге сөз бересіз. Біраз уақыт өтеді, ритуал қайтадан қайталанады. Тұйықтан шығудың шешімі бар негізі.

Парольдер менеджері

Пароль менеджері сіздің бүкіл парольдарыңызды, логиндеріңізді бір жерде сақтауға мүмкіншілік береді. Сізге бір мастер-пароль жаттап алсаңыз болды. Белгілі бір сайтқа немесе мобильді қосымшасын ашқан кезде менеджер парольді өзі автоматты түрде қояды.

Пароль менеджерін шынымен де ыңғайлы қылатыны, ол барлық құрылғыда жұмыс істей береді. Сізде Windows ноутбук және iPhone смартфоны ма, немесе Macbook және Android смартфоны ма, Пароль сақтайтын қосымшаны жүктеп аласыз екеуіне де, бір логинмен мастер пароль арқылы кірсеңіз болды. Мысалы компьютерде парольді сақтадыңыз, сол парольді смартфонда қолдана аласыз.

Мен сенімді Парольдер менеджерлерінің екеуін ғана айта алам:

  1. Bitwarden
  2. 1Password

Менің көп таныстарым, коллегаларым парольдарын ұмытпау үшін не істейді? Қағазға немесе блокнотқа, заметкаларға жазып алады. Мен де солай істегем бұрында.

Бірақ шынайы өмірге келгенде бәрі басқаша болып кетеді. Парольді жазып қойған блокнотты таппай қаласың. Смартфонда заметкаларыңның арасынан іздеп тұрып қаласың керек парольді. Одан да «Забыли пароль?» деген түймені баса салған оңайырақ және тезірек болады.

Егер сенде Пароль сақтайтын қосымша болмаса дәл қазір істеп ал. Қаншама уақытыңды, жүйкеңді сақтайсың.