Жасанды Интеллект (ЖИ немесе ИИ) дегенді білмейтін жан жоқ шығар. Көбіміз ЖИ-ді күнделікті өмірде жиі қолданатынымызды да аңғармаймыз. Егер бір оңай немесе қиын сұрақ пайда болса ChatGPT-ге «запрос» жасауға қолымыз дайын тұрады. «Сенің қолыңнан не келеді?» емес, «Қандай промпт қолданасың?» деген заманға да келіп жеттік.
ЖИ табиғаты
Мен 2023-тен бері ЖИ-ді белсенді қолданып келем. 3 жылдан көп ЖИ-мен сөйлесу арқылы біраз нәрсе түсіндім.
- Gemini, ChatGPT, Deepseek және жүздеген ЖИ-ларды бір бірімен өзара салыстырғаннан пайда жоқ. Қарапайым тапсырмаларда бәрі «плюс-минус» ұқсас нәтиже береді. Маңыздысы ЖИ емес, ал сен қалай сұрайсың.
- Қойылған сұрақ қаншалықты толы болса, егер ЖИ контекстті түсінсе, алған жауабың қолданымды болады. Сұрақ жазып жатып ерінбе, барынша түсінікті етіп жаз.
Мысалы мынау сұрақтың орнына «Ремонт планы керек» мынау сұрақ «Менде Алматыда Әуезов районында 2 комнатный квартира 50 м2, черновой күйде. Қолда 7 млн теңге бар. Маған біріншіден ремонт планы керек, екіншіден әр этапта примерно қанша ақша кетеді. Егер сапалы жауап беру үшін информация керек болса менен сұра» әлдеқайда жақсырақ, сапалырақ болады. Келесі жазғаныңда чатты жалғастырасың, ЖИ контекстті ұстап отырады.
- Егер жалпы «Көп ақша қалай табуға болады?» сияқты сұрақтар қойсаң, ЖИ ең қарапайым, стантартты, жалпыға түсінікті жауап береді.
- ЖИ қазақ тілін өте жақсы біледі. Сол жағынан өзіңе пайдалы етіп қолдана аласың, жағдайға байланысты.
- Түсіне алмай жүрген құбылыстарды, өзіңе қиын темаларды ЖИ оңай түсіндіріп бере алады. Мысалы «Үлкен қала электр энергиясымен қалай қамсыздандырады? 10 жасар балаға түсіндіргендей айтып берші» деген сияқты сұрақтар қойсаң, қарапайым мысалдармен өте керемет түсіндіріп береді.
- ЖИ сен қандай позиция ұстансаң да сені қолдайды. Бұл жақсы да, жаман да. Мен кейде әйелім тыңдамай қойса, ЖИ-мен бөлісем. Әйелім бермеген поддержканы алып риза боп қалам. Бір нәрсені түсіну керек: ЖИ көп нәрсені білмейді әрі саған жағынуға бейім. Сондықтан шешім қабылдау керек жерлерде ол сені қате жаққа итермелеуі мүмкін. Сондай кездерде абай бол.
- ЖИ күрделі бір алгоритм. Ол бір сөз жазып жатып, келесі сөздің қандай болатынын Т9 сияқты болжайды. Бүкіл технология соның айналасында құрылған.
ЖИ-ді қорлау қажет емес кездер
Кейбір сұрақтарды ЖИ-ға мүлдем қоймауға кеңес беремін. Мысалы «теңге доллар бағамы», «ауа райы» немесе кез келген интернеттен оңай табылатын сұрақтар.
Мен өзім калькулятор орнына ЖИ қолданған адамдарды көргем. Менің ойымша ашықтан ашық айтайын, тракторды жай машине орнына қолданған сияқты.
ЖИ алыс жақта белгісіз бір жерлердегі серверлерде жұмыс істейді. Сенің әр қойған «500 теңгенің 12% неше болады?» дегенің серверді қыздырып, оны сумен салқындатуға кетеді. Әсірелеп айтсам да, ойландырады ғой.
Қорытынды
Менің ойымша біз бір түсініксіз, болжап болмайтын екі дәуірдің ортасында тұрған сияқтымыз. Бір шетінен болашақ өмірдің қандай утопияға айналғанын елестетсек, дәл сол кезде қандай антиутопияға айналу ықтималдылығын көреміз. Біріміз көріп тұрып ескермеген түр танытып өмірімізді жалғастырып жатсақ, біріміз ЖИ арқылы қалай profit алу мүмкіндігін іздеп жатамыз.
Үлкен әлемдік Google, Nvidia, Microsoft сияқты корпорациялар шексіз ақшаларын тігіп жатыр. Ұтыс бере ме, бермей ме, ондай сұрақ қоюға оларға кеш, сондықтан тоқтамау керек. Мен дәл осыдан қорқамын.
Қазір ЖИ жай инструмент қана. Солай инструмент боп қала берсе жақсы болады.
Пікірлер 0