Ең бірінші ақша деген не, соны анықтайық. "По факту" ақша деген адамдардың бар дүниені (құнды заттар) өзара бір бірімен бөлісу мақсатында ойлап табылған.

Ақшаның құндылығы

Теңге болсын, доллар болсын, ақшаның өзінің ешқандай құндылығы жоқ. Ақша арқылы біз әр заттың цифрлық характеристикасын, дұрыстап айтқанда "құндылығын" анықтаймыз. Көп ақша қалай табуға болады? Әр адам осы сұрақты бірнеше рет қойған болар. Инфосығандар, қаншама кітаптер, форумдар осымен адамдарға өзінің скамдарын өткізіп жатыр. Мен өзім бірнеше кітап оқып көргем. "Богатый папа, бедный папа", "Думай и богатей" деген сияқты қоқыстарды оқымай ақ қойыңыз. Ол жақта ақшаның басты табиғатын түсіндірмеген. Негізі пайдалы дүние жасап, соны ақшаға айырбастай аласыз. Болды, формула осы ғана. Пайдалы дүние деген ол қолмен ұстайтын зат қана емес, услуга, білім беру, контент беру. Қарапайым офистегі жұмыста да сіз пайдалы дүние бересіз, сол үшін айлық төлейді.

Көп ақша табам деп бақытсыз болып қалуға болады

Өмірімде қатты тойымсыздық пен қомағайшылықты көп көрдім. Жақсы ақша тауып жатсаң да аз сияқты боп көрінеді. Қоғамның өзі максималды көбірек ақша тапқаныңды қолдайды ғой. Аузы қисық болса да байдың баласы сөйлесін деген бостан шықпаған.

Мен бұл мақаламен бай болма деп жатқаным жоқ. Негізінде бай болу деген ол мақсат емес, белгілі бір өмір сүру салтының салдары деп қарайтын едім. Біз бір уақытта себеп пен салдарды шатастырып алған сияқтымыз.

Адамның бақытты болуы үшін не керек? Пирамида Маслоу бойынша ол:

  1. Физиологиялық дүниелер, яғни тамақ, су, ұйқы және тағы басқа
  2. Қауіпсіздік қажеттілігі
  3. Махаббат қажеттілігі
  4. Абырой қажеттілігі
  5. Рухани қажеттілік
  6. Эстетикалық қажеттілік
  7. Өзінің маңыздылығын түсіну қажеттілігі

Жоғарыдағы тізім ол саты сияқты жұмыс жасау керек. Адам бірінші сатыны жаба алмай екіншісіне өте алады әрине, бірақ ол нәрсе өзін өзі алдау болып саналады.

Мен студент кезімде қарным аш боп тұра айналамдағы адамдарға өзімді бай қылып көрсеткім келетін. Қазір ойлап қарасам ол кезде не ұтқанымды да білмеймін. Табысты адамның маскасын киіп алып өмір сүру деген адамды артқа тартатын, шаршататын нәрсе екенін түсінген мен бір күні өзімнің қандай ақымақ, дәрменсіз, пайдасы жоқ адам екенімді мойындадым. Ең бірінші қадамым, кредитке алған қымбат смартфонды сатып кредитті жабуды ойладым. Екінші қадамым математикаға оралу болды. Тауып жатқан ақшамды есептедім, құртып жатқан ақшамды есептедім, түбінде біраз нәрселерден бас тартуға тура келді.

Еске түсіріп қарасам, сол кезде 200 000 теңгеден ақша тапсам да, 500 000 теңге табатын адамдай өмір сүрген екем. Қоғамды алдасаң да математиканы алдай алмайды екенсің. Қарыздардың бәрін, кредиттерді төлеу керек болды.

Осы ұзақ текстпен не айтқым келді? Ақша ешқашан жетпейді. Ең бастысы саған қанша ақша керек, соны анықтап алу керек. Адамдар әр түрлі. Бір адам бақытты болу үшін миллион теңге жетпесе, екінші адам 500 000 теңгемен де бақытты өмір сүре алады. Кедей болғанның еш ұяты жоқ. Кедей болып тұрып бай адамды көрсету, қоғамды алдағаннан бөлек ең бірінші өзін өзі алдау менің ойымша ұят тірлік.

Көп ақша тапқың келеді ма? Сол ақшаға сәйкес пайдалы дүние алып келсең көп ақша келеді. Мен сату өнері туралы еш нәрсе айтпаймын. Мен кәсіпкер болмаса да, жалдамалы жұмыста жүріп миллиондап тауып жатқан көп адамды көргем.

Шынымды айтсам мен инфосығандардан, алаяқтардан, скамщик, темщиктардан шаршадым. Қоғамның махаббатына тәуелді адамдардың қажеттілігімен ақша тапқысы келетіндер тек паразиттер. Оларға сіздің счетыңызда жатқан ақшадан басқа еш нәрсе керек емес. Олар сіздерге ешқандай білім, шындық бермейді. Тәтті өтірікпен қоректендіруден басқа еш нәрсені білмейді.

Дос жылатып айтады демекші, ащы шындықты қабылдаудан басталады ең бірінші қадам.